Ел тынысы
30 жас азаматқа «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты беріледі

2021 жылдан бастап Мемлекет басышысының бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты беріліп келеді. Грант конкурстық негізде «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» және «Волонтерлік» бағыттары бойынша жобаларды іске асыруға арналған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Грантты жүзеге асыру кезеңдерінде 123 жас азамат грант иегері атанды», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Грантқа 14 жастан 35 жасқа дейінгі ҚР азаматы үміткер бола алады. Биыл өтінімдерді қабылдау 16 маусымнан 18 тамызға дейін жүргізіледі.
«Конкурстың қорытындысы бойынша жыл соңына дейін 30 жас азаматқа 3 млн теңге мөлшерінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты беріледі. Грантты пайдалану мерзімі бір жылдан аспайды», – деді Қ.Қамбаров.