Құқық

21 мыңнан астам әскери қызметші ашық сот процестеріне қатысты

Бұл туралы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

Әскери прокуратура органдары әскердегі заңдылық пен тәртіпті нығайту шараларын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Қылмыстық істер бойынша көшпелі және онлайн сот отырыстары профилактиканың тиімді құралдарының біріне айналды.

Бұл жұмыс барысында жеке құрамның 44 сот отырысына қатысуы қамтамасыз етілді. Оның ішінде 24-і көшпелі форматта, 20-сы онлайн трансляция арқылы өткізілді. Нәтижесінде аталған сот отырыстарына 21 мыңнан астам әскери қызметші қатысты. Олардың қатарында 10 мыңнан аса мерзімді қызметтегі сарбаздар, 5 мыңнан астам офицерлер және шамамен 6 мың келісім шарт бойынша әскери қызметшілер бар.

Мұндай тәжірибе заңсыз әрекеттер үшін заң алдында жауапсыз қалмайтынын айқын көрсетеді, әскери қызметшілердің құқықтық тәртіптің маңызын түсінуін қалыптастырады және  құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті нығайтады. Бұл өз кезегінде әскери тәртіпті сақтауға және армияның жауынгерлік қабілетін арттыруға тікелей ықпал етеді.

Айта кетейңк, бұл іс-шаралар Президенттің биыл қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген басымдықтармен толық сәйкес келеді. Онда «Заң мен Тәртіп» қағидаты мемлекеттік құрылыстың мызғымас тірегі ретінде айқындалған.

Бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button