Ел тынысы

2025 жылы құрылыс индустриясы қалай дамыды?

ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында құрылыс саласының 2025 жылғы негізгі қорытындылары туралы хабардар етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оның айтуынша, еліміздің тұрғын үй қоры 59 мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үйді құрайды. 2026-2028 жылдарға тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында және кредиттік бағдарламала арқылы 20,7 млрд теңгеге 363 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге бюджеттік өтінімдер берілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 79 көппәтерлі тұрғын үй сүріліп, 2008 меншік иесі жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Тұрғын үй құрылысын жандандыру, сондай-ақ оны ынталандыру мақсатында Министрлік мынадай шараларды жүзеге асырды: кезекте тұрғандар үшін жалпы сомасы 217,8 млрд теңгеге 14,5 мың жалдамалы пәтер сатып алынды; жалпы сомасы 140,2 млрд теңгеге 14,1 мың кредиттік тұрғын үй салынды және сатып алынды; 10,5 мың жер учаскесіне инженерлік желілер тартылды; 67,8 млрд теңгеге 2% және 5% мөлшерлемемен 5,3 мың жеңілдетілген ипотекалық қарыз берілді; «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары бойынша 233 млрд теңгеге 8,5 мың қарыз берілді», – деді спикер.

Бұдан басқа, 2026 жылы «2-10-20», «5-10-20» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша 12,2 мың жеңілдетілген ипотекалық қарыз беру жоспарланған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button