Ел тынысы

2025 жылы кітапханалар саны 25-ке жетті – Гүлбадан Мәдібаева

Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесінің директоры, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Ерен еңбек үшін» медалінің иегері, » Кітапхана ісінің шебері» атағының иегері Гүлбадан Мәдібаева барша әріптестері мен оқырмандарын жаңа жылымен құттықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де бүгінде 25 жалпыға бірдей қалалық кітапхана бар. Атап айтқанда, оның құрамында М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана, Орталық балалар және жасөспірімдер  кітапханасы, Көзі көрмейтін  және нашар көретін азаматтарға арналған аранайы кітапхана, 14 көпшілік кітапхана және 8 балалар кітапханасы жұмыс істейді. Соның бәрінде 766 037-ден астам кітап қоры бар, 91 000 мыңнан аса оқырманы келіп қызметін пайдаланады.

-Кітапхананың штаттық саны 162 адамды құрайды, оның ішінде әкімшілік-басқару персоналы-15, кітапхана қызметкерлерінің 113 адам  және 34 техникалық қызметкерлер. 2023-2025 жылдары ағымдағы жөндеу, жиһазды жаңарту, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 11 кітапхананы компьютерлік техникамен жарақтандыру жұмыстары сәтті аяқталды. 2024-2025 жылдары кітапханалар желісі кеңейтілді, осы жылдары 7 жаңа кітапхана ашылды, — дейді мекеме басшысы.

Оның айтуынша, аталған елордалық кітапханалар желісі үшін 2025 жыл өте маңызды жыл болды. Себебі жүйедегі кітапханалар саны 25-ке жетті. Былтыр кітапханаларды жаңғырту процессі жалғастырылып, нәтижесінде 3 жаңа кітапхана ашылды. Олар — № 11 көпшілік кітапханасы — «Есіл» ауданы, Е117 көшесі,35 үй, №13 көпшілік кітапханасы — «Алматы» ауданы, Иманов көшесі,31, №7 балалар кітапханасы «Сарыайшық» ауданы, «Saratan» тұрғын үй кешені, А91 көшесі, тұрғын емес үй.

-Бұл тек сан емес, мұның артында командалық үлкен жауапты жұмыстар тұр. Сондықтан мен барша кітапханашыларды және оқырмандарымызды Жаңа жылымен шын жүректен құттықтаймын. Әр шаңыраққа бақ пен береке, мол бақыт және толағай табыс тілеймін. Өзара бірлікте жұмыс істеп, ел руханиятына қызмет ете берейік, — дейді Г. Мәдібаева.

Бүгінгі таңда бұл кітапханаларда мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап қарттарға дейінгі халықтың әртүрлі жас топтары үшін 35 қызығушылық үйірмесі мен клубы белсенді жұмыс істейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button