Ел тынысы

2025-2026 оқу жылының мерзімі мен каникул кестесі бекітілді

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына арналған оқу мерзімі, оқушылардың каникул кестесі және қорытынды аттестация уақыты бекітілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Құжатқа сәйкес, жаңа оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

1-11 (12) сыныптар үшін оқу тоқсандары мен каникул мерзімі:

1-тоқсан – 8 апта, күзгі каникул: 2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша;

2-тоқсан – 8 апта, қысқы каникул: 2025 жылғы 29 желтоқсан – 2026 жылғы 7 қаңтар;

3-тоқсан – 10 апта, көктемгі каникул: 2026 жылғы 19-29 наурыз;

1-сынып оқушыларына қосымша каникул: 2026 жылғы 9-15 ақпан;

4-тоқсан – 8 апта.

Қорытынды аттестация мерзімі:

9 (10) сыныптар – 2026 жылғы 29 мамыр – 11 маусым;

11 (12) сыныптар – 2026 жылғы 2-15 маусым.

9 (10) сыныптар үшін емтихан кестесі:

Математика (алгебра) – 29 мамыр;

Таңдау пәні – 3 маусым;

Қазақ/орыс/ана тілі (эссе немесе жазба жұмыс) – 8 маусым;

Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне байланысты) – 11 маусым.

11 (12) сыныптар үшін:

Қазақстан тарихы (ауызша) – 2 маусым;

Алгебра және анализ бастамалары – 5 маусым;

Қазақ/орыс/ана тілі – 9 маусым;

Таңдау пәні – 12 маусым;

Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті – 15 маусым.

Бекітілген бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button