Ел тынысыСаясат

18 жастағы елордалық тұрғын тұңғыш рет референдумға қатысты

Астана қаласының тұрғыны, 18 жастағы Риантқызы Әсемай №380 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жас сайлаушы үшін бұл күн ерекше әрі жауапты сәт болды. Ол ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға алғаш рет қатысып отырғанын айтып, өз үлесін қосқанына қуанышты екенін жеткізді.

«Бұл – менің алғаш рет дауыс беруім. Еліміздің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымды жасау маңызды деп ойлаймын. Әр азамат өз пікірін білдіріп, ел дамуына үлес қосуы керек», – деді Әсемай.

Жас сайлаушының айтуынша, жастардың белсенділігі қоғамның дамуына оң әсер етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button