Қоғам
15 сәуірде Астанада велосипед маусымы ашылады

Елордада «Astana Bike» қалалық веломаусым қызметін бастайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
15 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап абонемент сатып алуға болады. Жеңілдігі бар пайдаланушылар оны растау үшін авторизациядан өтуі қажет. Жаңа пайдаланушылар жыл бойы velobike.kz сайты арқылы тіркеуден өте алады.
Биыл велосипедтердің және станциялардың дизайны жаңартылды.
Велосипед стансаларының тұрағы, абонемент түрлері және басқа да мәліметтерді velobike.kz сайтынан анықтау мүмкіндігі бар.
Одан бөлек, қосымша сұрақтар бойынша «iKomek 109» байланыс орталығы қолжетімді.