11 алтын медаль жеңіп алды

Астана қаласы әкімдігінің «№1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің» көркем гимнастика бөлімінің спортшылары Тараз қаласында өткен ашық чемпионатта сәтті өнер көрсетіп, жалпы 27 жүлде иеленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Республикалық деңгейдегі жарысқа елордалық спортшылармен қатар Алматы, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда және Петропавл өңірлерінен жас гимнасшылар қатысты.
Астаналық жас дарындар әр жас ерекшелігі бойынша жекелей және топтық бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, көркем гимнастикада жоғары шеберліктерін тағы бір дәлелдеді. Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 11 алтын, 6 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, №1 мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің «Тұмар» және «Мерей» топтары командалық есепте үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі І орындарды иеленді.