Елорда тынысы

100 зейнеткер әсерлі музыкалық-әдеби кеш ұйымдастырды

Биыл Қазақстан халқы ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуын ерекше құрметпен атап өтіп жатыр. Бұл – бүкіл қазақ мәдениеті үшін маңызды дата. Осы мерейтойға орай бүгін Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шамамен 100 зейнеткері Абай ескерткіші жанындағы алаңда әсерлі музыкалық-әдеби кеш ұйымдастырды. Бұл шара – ұлы қазақ перзентінің мәңгілік мұрасын еске алумен қатар, оған деген құрметтің көрінісі болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz .

Бүгін мұнда «Көзімнің қарасы» – жүрекке терең әсер ететін, махаббатқа толы әні; «Желсіз түнде жарық ай» – табиғат, тыныштық және ақын жанын бейнелейтін романтикалық өлең; «Ғылым таппай мақтанба» – білімнің пайдасы мен бос кеудемсоқтықтың зияны жайлы философиялық шығармалар орындалды.

«Біз Абайды міндет үшін емес, жүрек қалауымен оқимыз. Оның «Қара сөздері» бізге өмірде тірек болады. Кез келген жаста да біз оның өлеңдерінен күш-жігер және үміт табамыз», – деді іс-шараға қатысушы, зейнеткер Ермек ата.

Жиынға қатысушылар Абайдың әсерлі өлеңдерін жатқа оқып, ақын сөзіне жазылған әндерді орындап, көрермендерді қазақ поэзиясының сұлулығы мен рухани бірлік атмосферасына бөлеп, ерекше әсер сыйлады.

Бұл сәттер әрбір жанға Абайдың ұлттық сананы қалыптастырудағы және руханиятты дамытудағы рөлін еске салды. Оның шығармашылығы – сарқылмас даналықтың, адамгершілік қағидаттардың және Отанға деген сүйіспеншіліктің қайнар көзі.

«Абайдың мұрасы – жай ғана оқулық беттеріндегі сөз емес, ол – ұрпақтарды жалғайтын тірі арқау, тәрбиелейтін және шабыт беретін күш. Мұндай шаралар арқылы ақынның шығармашылығын еске аламыз және қазақ жерінің ұлы перзентімен мақтанамыз», – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімінің басшысы Меруерт Қайыртасқызы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button