Ел тынысы

1 қыркүйектен бастап «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылады

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz  ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Барлық мектептер үшін бірыңғай визуалды стандарт – брендбук әзірленеді. Мектептің ішкі және сыртқы келбеті ұлттық тәрбиелік құндылықтар мен мәдениетті бейнелейтін ортаға айналады.

Тәрбие жұмысын жүзеге асыруда барлық тараптардың өзара бірлесе қызмет атқаруына ерекше көңіл бөлінеді. Мектептердегі тәрбие ісі мемлекеттік органдармен, құқық қорғау, денсаулық сақтау, ішкі саясат саласындағы құрылымдармен тығыз жүргізіледі.

Ай сайын белгіленген тақырыптар сабақ пен сыныптан тыс іс-шараларды бір-бірімен сабақтастырады. Мысалы: әділдік, еңбекқорлық, патриотизм сынды құндылықтар оқу процесінің өзегіне айналмақ. Осы бағытта мектеп өміріне «Өнегелі 15 минут», күй әуенімен қоңырау соғу, ұлттық ойындар секілді жаңа форматтар енгізіледі. Сонымен қатар, оқушының мектеп қабырғасынан тыс өмірлік тәжірибесін байытуға да ерекше көңіл бөлінеді.

Бұған дейін іске асқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Қамқор» (экология және волонтерлік), «Еңбегі адал – жас өрен» (еңбекке баулу және мамандыққа бағдар), «Smart Bala» (IT және инновациялық ойлауды қолдау), «Шабыт» (өнер мен мәдениет арқылы рухани даму), «Ұшқыр ой алаңы» (пікірсайыс пен зияткерлік ойындар), «Балалар кітапханасы» (оқу сауаттылығы мен кітап мәдениетін дамыту) секілді алты ірі жоба жүзеге асқан болатын.

Сонымен бірге, буллингтің, құқықбұзушылық пен балалар арасындағы қауіптің алдын алуға бағытталған жобалар өз жұмысын жалғастырады. Олар:«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», «Буллингтен қорған!», «Қауіпсіз қоғам».

Бұл бағдарлама – еліміздің барлық мектептерінде біртұтас тәрбиелік орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button