№101 станциясына алғашқы LRT құрамы көтерілді

Бүгін №101 станциясында екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамын көтеру жұмыстары сәтті жүргізілді. Құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай келе штаттық режимде өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Құрамды көтеру – LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы шаралардың бір бөлігі болып табылады. Вагондар станцияда 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрады.
«LRT жобасын іске асыру – заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мобильділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алғашқы құрамды көтеру – жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Біз жұмыс кестесіне сай алға жылжып келеміз, алдағы күзде LRT жүйесінің сынақ жұмыстарын бастаймыз», — деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.