Астанадағы №9 «Зерде» мектебінің биылғы 65 түлегінің барлығы жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім гранттарына ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Атап айтқанда, 42 түлек нәтижелері кеше жарияланған мемлекеттік білім гранттарының иегері атанды. Тағы 9 түлек Назарбаев Университетіне оқуға түсті, ал 14 түлек әлемнің ТОП-50 үздік жоғары оқу орнының қатарына кіретін шетелдік университеттерде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Осылайша, мектеп түлектерінің грантқа түсу көрсеткіші 100 пайызды құрады.
Мектеп ұжымының айтуынша, бұл жоғары нәтиже – оқушылардың жүйелі дайындығы мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің нәтижесі.