Астана мәслихатының депутаты Талғат Дүйсеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын ұсынумен еліміз трансформацияның маңызды кезеңінен өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
"Мен үшін бұл жобада адамның, оның құқықтары мен қадір-қасиетінің басты назарда болуы өте маңызды. Халық билік көзі ретінде бекітіліп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік күшейіп, сот тәуелсіздігінің қосымша кепілдіктері пайда болады. "Заң және тәртіп" қағидаты нақты Конституциялық мазмұнға ие болады", - деп атап өтті депутат.
Ол жобада цифрлық құқықтарды, білім беруді және адами капиталды дамытуды қоса алғанда, заманауи сын-қатер ескерілетінін атап өтті.
"Мемлекеттіліктің егемендік, унитаризм және аумақтық тұтастық сынды басты негіздері сақталады", - деп қосты Дүйсеков.
Оның айтуынша, бұл жобада басты мәселе ішінара өзгерістер туралы емес, мемлекеттік басқару тәсілдерін қайта қарау туралы.
"Жоба ұзақ мерзімді дамуға және қоғам алдындағы жауапкершілікке бағытталған", - деп атап өтті депутат.
Дүйсеков бастамаларды ашық талқылау қажеттігіне де назар аударды.
"Мұндай жобаларды ойластырылған түрде, қоғамның қатысуымен және ел үшін ұзақ мерзімді салдарды түсіне отырып талқылау маңызды", - деп түйіндеді ол.