«Заң мен тәртіп: жастар – тәуелділікке қарсы»

«Заң мен тәртіп: жастар – тәуелділікке қарсы»
фото: Астана қаласының әкімдігі

Халықаралық жастар күніне орай Астанада «Заң мен Тәртіп: жастар – тәуелділікке қарсы» атты WORKSHOP-FORUM өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету тұжырымдамасы аясында ҚР ІІМ Басқару академиясының базасында ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және тәуелділіктің профилактикасы бойынша заманауи әрі тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеу.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, психологтар, профилактика саласының мамандары және Астана қаласы Полиция департаментінің жас қызметкерлері қатысты.

Форум барысында қатысушылар жұмыс топтарына бөлініп, лудоманияның алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, цифрлық профилактика құралдарын дамыту және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар әзірледі.

Нәтижесінде профилактикалық қызметті жетілдіруге арналған практикалық ұсынымдар пакеті қалыптастырылып, үздік бастамалар алдағы уақытта іске асыруға ұсынылды.