VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ернұр Сүлеймен - чемпион

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ернұр Сүлеймен - чемпион
фото: Астана қаласының әкімдігі

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Ернұр Сүлеймен жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қырғызстанда жалауы желбіреген VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын медаль қосылды. 

Бұл алтын медальді қазақ күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Ернұр Сүлеймен жеңіп алды.

Сөйтіп, отандастарымыз осымен 13 алтын жүлдеге ие болды. Ал күміс пен қола жүлдеге келсек, Қазақстан спортшыларында 7 күміс, 5 қола медаль бар.