Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында елдә мекендерді газбен қамту ісін жеделдету және газ инфрақұрылымын кеңейту жоспарларын өзектендіру бойынша міндеттер қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Президент елді мекендерді газбен қамту қарқынын жеделдетіп, көрсеткішті 80%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Энергетика министрлігіне QazaqGaz компаниясымен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, бір ай мерзімде газ тарату желілерін кеңейту және салу жоспарларын жаңартуды тапсырамын. Бұл жобаларды толық әрі үздіксіз қаржыландырып, жүзеге асыру мерзімдеріне қатаң мониторинг жүргізу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Үкімет жақын арада газ саласын дамыту мәселесін жеке қарастыратыны атап өтілді.