Түнде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдаланудың алдын алуда

Түнде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдаланудың алдын алуда
фото: polisia.kz

Елордада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану деректерінің алдын алу және жолын кесу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Осы бағыттағы іс-шаралар барысында елордадағы мейрамханалардың бірінің маңында тыныштық пен қоғамдық тәртіптің бұзылу фактісі анықталды. Белгілі болғандай, “Қыз ұзату” рәсімі аяқталғаннан кейін 22 жастағы азамат пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан. Соның салдарынан жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындарының тыныштығы бұзылған. Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар салтанатты шара аяқталғаннан кейін шу шығарып, қоғамдық тыныштықты бұзған тағы үш қатысушыға қатысты да әкімшілік шара қолданылды. Полиция азаматтарға мерекелік іс-шараларды қоғамдық тәртіп талаптарын сақтай отырып өткізуді ескертеді. Тыныштықты бұзу, сондай-ақ айналадағы адамдарға құрметсіздік танытатын әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.