Рейд барысында кальян шеккендер мен түнде қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталды

Рейд барысында кальян шеккендер мен түнде қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталды
фото: Оңалхан Өнерхан

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының «Нұра» ауданы прокуратурасы аудандық Полиция басқармасымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекті рейд барысында ойын-сауық орындарында қыздырылатын темекі өнімдері мен кальяндарды заңсыз пайдаланудың 23 дерегі анықталды. Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандар да анықталды.

Құзырлы органдар мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Прокуратура елорда тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтап, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң ұстануға шақырды.