Қытаймен арадағы теміржолмен жүк тасымалы 32 млн тоннадан асты

Қытаймен арадағы теміржолмен жүк тасымалы 32 млн тоннадан асты

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті хабарлады. Сонымен қатар, Қазақстанның экспорт көлемі 1 миллион тоннаға артып, 13,7 миллион тоннаны құрады. Негізгі экспортталған жүктердің қатарында темір және түсті металл кендері, қара және түсті металдар, астық өнімдері бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Импорт 5%-ға өсті, ал Қазақстан арқылы транзиттік тасымал 19%-ға артып, 15,3 миллион тоннаны құрады.

Контейнерлік транзит көлемі Еуропа бағытында 43%-ға өсті.
Айта кетейік, өсімнің маңызды факторы ретінде Сиань Халықаралық құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың ашылуы әсер етті.

2024 жылы осы терминал мен Ақтау порты арқылы 300-ден астам контейнерлік пойыз өтті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 есе көп.