Құқықтық сауаттылық бәрінен маңызды

Құқықтық сауаттылық бәрінен маңызды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты №36 жалпы орта білім беретін мектепте Заң мен тәртіп қағидалары түсіндірілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы құқықтық сауаттылық, заң нормаларын сақтау, айналаға ізеттілікпен қарау, елдің дамуы үшін күш жігер салу. Сондай-ақ болашақ ұрпаққа құқықтық мемлекетті өркендету жолына атсалысу діттелді.

Сонымен бірге, өнерлілер жас өрендер шеберліктерін ортаға салды. Соның нәтижесінде әртүрлі түске боялған заттардан құрап, өрнектеп «Заң мен тәртіп» деп аталатын жазуды кескіндеме түрінде жасады.

Сонымен қатар, №36 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Қабиденқызы ой-пікір білдірді.

– Елдегі Заң мен тәртіп қағидаты – жауапты әрі әділ қоғам қалыптастыру үшін өте айрықша орынға ие. Мұны біліп қана қоймай оның негізі мен міндеттерін білу керек. Осының негізінде ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру мектептен басталады. Сондай-ақ өзгені құрметтеу аса маңызды болып саналады. Саналы ұрпақ қалыптастыру елдік мүдде, – деді ол.