Қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшы жауапқа тартылды

Қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшы жауапқа тартылды
фото: polisia.kz

Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшы жауапқа тартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтып, сот шешімімен айыппұл төлеуге міндеттелді. Қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін кез келген әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Қоғамдық тәртіп – мәдениетті мінез-құлық пен өзара құрметтен басталады.