Ғалымдардың онкологияға қарсы дәрісі биыл тіркеуден өтеді

Ғалымдардың онкологияға қарсы дәрісі биыл тіркеуден өтеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Дос Сарбасов бастаған қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан онкологияға қарсы препарат жыл соңына дейін тіркеуден өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

- Бір топ қазақстандық ғалым онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препарат жасап шығарды. Қазіргі таңда клиникалық сынақтардың екінші фазасы жүріп жатыр. Оны аяқтау және препаратты тіркеу осы жылдың соңына жоспарланған, - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Онда еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

Бұған дейін Қазақ ғалымының онкологияға қарсы дәрісі қатерлі ісікті қалай жоятынын жазған едік.