ҚР Қаржы министрлігінің орталық аппаратында Жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіруге және конституциялық реформаларды іске асыру мәселелеріне арналған кезекті семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ҚР Қаржы министрлігі Аппаратының басшысы Эрнар Ержанов құттықтау сөзінде Жаңа Конституцияның мемлекет пен қоғамның дамуындағы рөлін терең түсінудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның спикерлері ретінде ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілдері – Ғылыми қызмет департаментінің директоры, философия докторы (PhD) Тимур Авенов және бөлім басшысы, философия докторы (PhD) Маржангүл Акимжанова сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушылар Жаңа Конституцияның негізгі ережелері, олардың құқықтық мемлекетті одан әрі дамытудағы, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі туралы жан-жақты түсіндірмелер алды. Конституциялық нормаларды практикалық тұрғыдан қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылардың Жаңа Конституцияның ережелеріне қатысты барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.
Осындай іс-шараларды министрліктің барлық комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында өткізу жоспарланып отыр.