«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментімен бірлесіп денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының сақталуы, сондай-ақ дене жарақаттарымен, жараланулармен, жасөспірімдер жүктілігі және тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерімен жүгінген тұлғалар туралы құқық қорғау органдарын уақтылы хабардар ету мәселелері талқыланды.
Құқық бұзушылықтарды жасыруға жол бермеу және уәкілетті мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.