Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы коллекционерлер клубында Қайырбек Рамазанов сынды зейнеткер бар. Ол 55 жылдан астам төсбелгі жинаумен шұғылданады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Төсбелгілердің бір бөлігін өзі іздеп тапса, ал кейбірін басқа коллекционерлермен алмасу арқылы жинаған. Осылайша біртіндеп үлкен коллекция қалыптасқан. Қазір оның қолында шамамен 15 мыңға жуық төсбелгі бар. Соның, 2 мыңға жуығын музейге тапсырған.
Қайырбек, ағаның айтуынша, қызықтыратын заттарды жинау арқылы тарихты тануға болады. Жастар да осындай іске көбірек қызықса екен деген тілегі бар.