Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігі мол

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігі мол
фото: Асантемір Қаршығаұлы

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Құқықтық мемлекет және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел мен инфосессия өткізді. Іс-шара Астана қаласының «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі өңірлік жобалық офисінің іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.

-    Кездесудің мақсаты – әлеуметтік қолдаудың өзекті тетіктерін талқылау және қолжетімді қалалық ортаны қалыптастыру болатын. Сондай-ақ азаматтарды спорт және қоғамдық бастамалар арқылы оңалту мен қоғамға кіріктіру мәселелерін қарастыру еді. Сол үдеден шыға білдік деп ойлаймын. Шара барысында келелі сауалдарға спикерлер тарабынан тұщымды жауаптар берілді. Қай уақытта да мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық мүмкіндіктер қарастырылады деп есептеймін, -деді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Тәңірбергенова.

Дөңгелек үстелге белсенді жастар, студенттер, еріктілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.