Коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша онлайн қабылдау өтеді

Коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша онлайн қабылдау өтеді
фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті елорда тұрғындары үшін коммуналдық саладағы өзекті мәселелер бойынша тұтынушыларды қоғамдық қабылдауды өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қоғамдық қабылдау 2026 жылғы 1 желтоқсанда сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде өтеді.

Сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100053800992894

Осыған байланысты Департамент Астана қаласының тұрғындарын және өзге де мүдделі тұлғаларды коммуналдық қызметтер көрсету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдауға қатысуға шақырады.

Кез келген ниет білдіруші тұтынушы ретіндегі өз құқықтары туралы, сондай-ақ коммуналдық саладағы мәселелерді шешу жолдары туралы түсіндірмелер ала алады.

Анықтама телефоны: 57-50-25.