Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған «Тамаша»

Көтеріңкі көңіл  күй сыйлаған «Тамаша»

Қазақ эстрадасының белгілі майталмандары, республикаға еңбегі сіңген артистер Құдайберген Сұлтанбаев пен ­Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған бір топ өнер шебері 8-10 ақпан 1991 жылы Тың игерушілер сарайында 5 концерт беріп, көрерменді күлкіге қарық қылды.

Орынды өткір сөз, өрнекті әсем әзіл-оспақ, керемет келемеж, кейіпкерін айнытпай қаз-қалпында бейнелеуі, тамылжыта орындалған ән күлдіртті, сүйсінтті, қол соқтырды.

Сын-сатира шеберлері көпшіліктің ойынан шығар, қоғамдық-әлеуметтік мағыналы сөздерді жиналған қауым жүрегіне жеткізе айтып отырды. Тұңғышбай Жаманқұловтың жан дүниесімен беріле орындаған «Барып қайт, балам, ауылға» әні жиналған қауымға ерекше әсер етті.

Ғазиза Исахан