Кей жағдайда баланың ұлты қалай анықталады?

Кей жағдайда баланың ұлты қалай анықталады?

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 65 бабының Конституцияның 19-бабы 1-тармағына сәйкестігін тексеру туралы өтінішке қатысты 2025 жылдың 16 сәуірінде Конституциялық Сот №70 нормативтік қаулы шығарып, онда баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады және кейіннен тек екінші ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін екендігін көрсетті.

Кодекстің 65-бабында баланың ұлтын тек ата-анасының ұлты бойынша анықтау және өзгерту мүмкін болмаған кезде әртүрлі өмірлік жағдайлар ескерілмейтінін Конституциялық Сот атап өтті.

Мәселен, баланың ата-анасының жеке басы белгісіз болуы мүмкін немесе ата-анасының ұлтын растайтын құжаттар немесе мәліметтер болмауы мүмкін.

Бұл бапта сондай-ақ бала отбасына тәрбиелеуге берілген немесе жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымда тәрбиеленетін және ата-анасының ұлтынан ерекшеленетін ұлтты қабылдауға ниет білдірген жағдайлар, басқа ұлттық-мәдени ортада болуы және тәрбиесі және т.б ескерілмейді.

Осыған байланысты Конституциялық Сот баланың ұлтын айқындау мен өзгертудің өзге де тәсілдерін көздемейтін бөлігінде Кодекстің 65-бабын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп таныды.

Әлия Қыстаубаева,

Астана қаласы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры,

әділет кеңесшісі, құқық философиясы докторы