Интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнеролик дайындалды

Интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнеролик дайындалды
фото: видеоскрин

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының Нұра ауданы прокуратурасы дропперлік пен интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнеролик дайындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бейнероликте банк шоттарын, төлем карталарын, дербес деректерді және өзге де төлем құралдарын үшінші тұлғалардың пайдалануына берудің құқықтық салдары түсіндіріліп, сондай-ақ алаяқтық схемаларға жәрдемдескені үшін жауаптылық туралы ескертіледі.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға, өздерінің банктік деректері мен реквизиттерін бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді қаржылық операцияларға қатыспауға және алаяқтық фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз интернет-алаяқтықтың алдын алып, азаматтардың құқықтары мен мүліктік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ете аламыз.