Есіл ауданында жаяу жүргіншілер жолдарын инклюзиялық талаптарға бейімдеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұған дейін жүргізілген мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, бірқатар жаяу жүргіншілер жолдары талапқа сәйкестендірілді.
Сонымен қатар, бүгінгі мониторинг барысында Орынбор көшесінде жаңадан салынған жаяу жүргіншілер жолы қаралып, арбамен қатынайтын азаматтарға арналған еңістердің талаптарға сәйкестігі зерделенді.
Аталған жұмыстар ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қауіпсіз, қолайлы және кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталады.