Елордалық спортшы Виктория Мельникова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарының екінші күміс медалін Қазақстанға әкелді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
1500 метр қашықтықтағы финалдық жарыста Мельникова 4:51.61 нәтижесін көрсетіп, Өзбекстаннан келген спортшы Назима Рахимжоновадан небәрі 0,41 секунд (4:51.20) ұтылды. Қола жүлдені Шри-Ланкадан келген Санипа Гимхани жеңіп алды (4:52.32). Қазақстанның тағы бір өкілі Агата Красаева жетінші орынды иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының активінде төрт медаль бар. Бұған дейін Триатлондағы күмісті Рамазан Айнегов жеңіп алған болатын.