Елордада 2026–2031 жылдарға арналған туризм саласын дамыту стратегиясы талқыланды

Елордада 2026–2031 жылдарға арналған туризм саласын дамыту стратегиясы талқыланды
фото: Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы

Астана қаласының туристік саласын дамытудың 2026-2031 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеу мақсатында салалық сарапшылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу ашық сараптамалық брейншторм форматында ұйымдастырылды. Туристік бизнес өкілдері мен сала сарапшылары Астананы туристік бағыт ретінде позициялау жөнінде өз көзқарастарымен, кәсіби тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісті.

Қатысушылар бүгінде елорданың  сипаттамаларын баяндап, оның туристерге қандай эмоциялар сыйлайтынын, ерекшеліктерін қонақтар үшін ең тартымды тұстарын және болашақта туристер үшін Астананың қалай ұсынылатынын талқылады.

Сессияның нәтижелері Стратегияны жетілдіру, елорданың туристік позициясын қалыптастыру, сондай-ақ оны ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету барысында ескерілетін болады.

https://www.instagram.com/p/Db8eTwKoqaM/