Елорда прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда

Елорда прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда
Фото: instagram.com/prokuratura.ast/видео скрині

Астана қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл бағыт прокуратура қызметінің басым міндеттерінің бірі саналады.

-Кәсіпкерлер күн сайын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, түрлі қызметтерге ақы төлейді және әкімшілік рәсімдерден өтеді. Сондықтан қабылданатын барлық шешімдердің заң мен тәртіп қағидаттарына сай болуы, сондай-ақ бизнеске негізсіз қаржылық жүктеме түсірмеуі аса маңызды. Осыған байланысты қала прокуратурасы мемлекеттік сатып алу және тарифтерді реттеу салаларында заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің құқықтарына әсер еткен бірқатар заң бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу порталында жылдық тарифтің қолданылу мерзімі дұрыс есептелмеген. Салдарынан кәсіпкерлер ақылы тарифтің бір бөлігін іс жүзінде пайдалана алмай, қосымша шығынға ұшыраған, - дейді Астана қалалық прокуратурасы қоғамдық мүддені қорғау жөніндегі басқарманың аға прокуроры. 

Прокуратураның қабылдаған шараларының нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, тарифті есептеу тәртібі қайта қаралды. Осылайша кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.