Экоайлық аясында

Экоайлық аясында

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экология айлығы Астананың барлық ауданында қарқынды жалғасуда. Экоайлық аясында Байқоңыр ауданының Ақбұлақ жағалауында орналасқан А.Пушкин көшесіндегі гүлзарда ауқымды көгалдандыру жұмысы жүргізіліп, ағаштар мен бұталар отырғызылды.

Іс-шараға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері, елордалық спортшылар және белсенді тұрғындар қатысты. Сенбілік нәтижесінде Байқоңыр ауданында 150 ағаш отырғызылды. Ал күзгі экология айлығы аясында соңғы аптада 1500-ден аса ағаш пен бұта отырғызылған болатын. Алматы ауданы әкімінің ­аппараты ұйымдастырған акция аясында Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ қоқыстан тазарды.

Сенбілікке «Астана-ЕРЦ» ЖШС пен «Dosjan Temir Joly» АҚ-тың 100-ден астам қызметкері, сондай-ақ жергілікті белсенділер қатысты.

– Күзде жерге түскен жапырақтар өрт қаупін арттырады. Сондықтан бұл шара бірінші кезекте қала тазалығын сақ­тауға және елорда саябақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ мұндай іс-шаралар ұжым мен тұрғындардың бірлігіне, экологияға оң әсерін тигізеді, – деді «Dosjan Temir Joly» АҚ компаниясының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас менеджері Меруерт Жүсіпова.

Айта кетейік, көгалдандыру жұмысы әлі де жалғасуда.