Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Нұра ауданы Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Эйджизмнің алдын алу: егде жастағы адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу» тақырыбында дәріс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында егде жастағы азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамда аға буын өкілдеріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жас ерекшелігіне байланысты кемсітушіліктің алдын алу мәселелері талқыланды.

Дәріс ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушыларға өз ойларын ортаға салуға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Іс-шара аға буын өкілдерінің қоғамдағы белсенді рөліне, құқықтары мен қадір-қасиетіне құрметпен қараудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.