“Дубайға билет”: Астанада ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды

“Дубайға билет”: Астанада ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды
фото: polisia.kz

Астанада домбыра үйірмесіне қатысатын балалардың ата-аналарынан полицияға ұжымдық арыз түсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 32 жастағы ер адам ата-аналардың сеніміне кіріп, үйірме тәрбиеленушілерін байқауға қатысу үшін Дубайға апаруды ұйымдастыруға уәде берген. Осы сылтаумен азаматтардан әртүрлі мөлшерде ақша алған. Қазіргі уақытта алдау жолымен ақша қаражатын иемденудің 11 дерегі анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ басқа да тұлғалардың болуы мүмкін қатыстылығы анықталуда. Полиция азаматтарға ақша бермес бұрын ұсынылған ақпараттың шынайылығына көз жеткізуді, құжаттар мен қызмет көрсету шарттарын мұқият тексеруді, сондай-ақ ресми құжаттармен расталмаған уәделерге сенбеуді ескертеді. Күмән туындаған жағдайда полицияға “102” нөмірі арқылы хабарласуға болады.