Бюллетень қалай толтырылады?

Бюллетень қалай толтырылады?
фото: www.gov.kz

Орталық сайлау комиссиясының XI отырысында дауыс беруге арналған бюллетень қандай болатыны, олардың қаншасы басылатыны және сайлау учаскелеріне қашан түсетіні туралы айтылды,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник заңға сәйкес ОСК дауыс беру бюллетенінің нысаны мен мәтінін, оларды дайындау тәртібі мен қорғалу дәрежесін белгілейтінін атап өтті. Сайлау бюллетеньдерін дайындауды және оларды аумақтық сайлау комиссияларына жеткізуді  Орталық сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу сайлауға дейін кемінде 3 күн бұрын және кемінде 1 күн бұрын жүзеге асырылады.