Қырғызстан астанасында Қазақстан киносы күндері өтіп жатыр. Қырғыз көрермені бұл күндері «Qaitadan», «Жабайы» көркем фильмдері мен «Алтын Адам» анимациялық фильмін тамашалайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асхат Сыздықов пен Қырғызстан Кинематография департаментінің директоры Талантбек Төлөбеков сөз сөйледі. Олар екі елдің мәдени байланысын нығайтуда ортақ жобалардың маңызы айрықша екенін атап өтті.
«Алтын Адам» анимациялық фильмінің режиссерлері Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы, сондай-ақ «Жабайы» фильмінің авторы Дамир Әбілханов қырғыз көрерменіне өз туындыларын таныстырды.
Қазақстан киносы күндері қырғыз көрермені отандық кинематографиямен танысады. Бұл Қазақстан мен Қырғызстанның кино саласы өкілдері арасындағы кәсіби байланысты кеңейтуге ықпал етеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі