БАҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жалғасуда

БАҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жалғасуда

Алматыда БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан отандық медиа саласы өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Салтанатты рәсім "Dara" президенттік бастамалар қорының қатысуымен өтті. Қазақстандық жетекші редакциялардың қызметкерлері жаңа тұрғын үй иегерлері атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда және күнделікті еңбегі отандық ақпараттық кеңістікті дамытуға ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған.

2026 жылы бағдарлама алғаш рет Қазақстанның барлық өңірлерін қамти отырып, Астана мен Алматыдан тысқары жерлерге шықты. Президенттің атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді: 15 — Астанада, 15 — Алматыда және тағы 36 — ел өңірлерінде.

Алушылардың тізімдері "Dara" президенттік бастамалар қорымен, Президент істері басқармасымен, Жергілікті атқарушы органдармен және БАҚ редакцияларымен бірлесіп қалыптастырылды. Өткен үш жыл ішінде осы бастаманың арқасында Президент атынан отандық медиасфераның 200 өкілі жеке тұрғын үй алды.