Есіл ауданының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде балаларға арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға «Toddler» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Қонақтарға өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі, өрт сөндіру техникасы мен арнайы құрал-жабдықтары таныстырылды.
Қызметкерлер балаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, өрт шыққан жағдайда:
сабыр сақтау; қауіпті аймақтан тез арада шығу; түтін кезінде еңкейіп қозғалу; лифтіні пайдаланбау; 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажеттігін түсіндірді.
Сондай-ақ балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Қауіпсіздік ережесін сақтау – өз өміріңді және жақындарыңның өмірін қорғау!
