«Азаматтық қатысу және заңдылық»: Астана тұрғындары үшін коммуникациялық кездесу өтті

«Азаматтық қатысу және заңдылық»: Астана тұрғындары үшін коммуникациялық кездесу өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

 Zoom платформасында онлайн форматта «Азаматтық қатысу және заңдылық» тақырыбында коммуникациялық кездесу өтті. Іс-шараны «Бақытты Шаңырақ» Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуге 37 адам — бастамашыл топтардың өкілдері, елорда тұрғындары және өз құқықтарын қорғау мен әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге қызығушылық танытқан азаматтар қатысты.

Кездесудің спикері — «Татуласу орталығы» жеке мекемесінің жетекшісі Молдағалиева Асель Басировна.

Кездесу барысында қатысушылар азаматтық қатысу ұғымын және әр азамат үшін заңнаманы білудің маңыздылығын талқылады. Әсіресе тұрғындардың өз құқықтарын заңды түрде қорғау, мемлекеттік органдарға жүгіну және отбасына, үйіне, ауласына немесе жергілікті қоғамдастыққа қатысты мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Спикер азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық тетіктері, мемлекеттік органдармен және түрлі ұйымдармен дұрыс қарым-қатынас жасау жолдары, сондай-ақ даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу мүмкіндіктері туралы түсіндірді.

Кездесудің маңызды бөлігі қатысушылардың практикалық сұрақтарына арналды. Онлайн формат қатысушыларға жалпы ақпарат алып қана қоймай, өздерінің нақты өмірлік жағдайларын талқылауға мүмкіндік берді.

Қатысушылар жеке мәселелері мен кездесіп жүрген құқықтық дауларға байланысты сұрақтар қойды. Атап айтқанда, белгілі бір жағдайда қайда жүгіну керек, өз мүдделерін қалай дұрыс қорғауға болады, қандай құжаттарды дайындау қажет және қолданыстағы заңнама аясында қандай әрекеттер жасауға болатыны туралы сұрақтар қойылды.

Спикер қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, әр жағдай бойынша ықтимал әрекет ету жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ өз құқықтарын білу және оларды қорғаудың заңда қарастырылған тетіктерін дұрыс пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Кездесудің тәжірибелік және ашық диалог форматында өтуі қатысушылар үшін ерекше пайдалы болды. Себебі олар теориялық ақпаратпен қатар, күнделікті өмірде кездесетін нақты мәселелері бойынша кәсіби түсіндірмелер ала алды.

Осындай коммуникациялық кездесулер елорда тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық өмірге белсенді араласуына және туындайтын мәселелерді заң аясында шешу жолдарын білуіне мүмкіндік береді.

Бастамашыл топтар үшін құқықтық тетіктерді білу ерекше маңызды. Бұл тұрғындардың мүдделерін қорғауға, мемлекеттік органдармен сауатты өзара іс-қимыл жасауға және қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, әр қатысушы өзіне маңызды сұрақ қойып, кәсіби түсіндірме алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараға қатысу тегін болды.