«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында елорда прокуратурасының қызметкерлері Полиция департаментімен бірлесіп, №1 автобус паркінде түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесуге автобус паркінің 50-ге жуық қызметкері қатысты.
Автобус жүргізушілеріне нашақорлық пен дропперліктің алдын алу, сондай-ақ жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, өмірде болған нақты жағдайларға негізделген ситуациялық кейстер талқыланды.
Жолаушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Жүргізушілерді рөлде мұқият болуға, ал жолаушыларды қоғамдық көлік жүргізушілерін алаңдатпауға шақырды.
#законипорядок #заңментәртіп