Астанадағы №131 сайлау учаскесінде дауыс беру штаттық режимде өтуде. Ашылған сәттен бастап оның барысын бақылаушылар бақылауда, сонымен қатар мұнда шет елдердің өкілдері де келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дауыс беру сағат 07:00-де басталды. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері өз міндеттерін белгіленген тәртіппен орындауда. Комиссия төрағасы Жазигүл Бодаеваның айтуынша, учаскеде заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
"Комиссияның барлық мүшелері өз орындарында. Сайлау учаскесінде ешқандай құқық бұзушылық болған жоқ. Байқаушылар тарапынан да ескертулер түскен жоқ", - деді Жазигүл Бодаева.
Сайлау учаскесінің жұмысы штаттық режимде жалғасуда.