Астанада «Цифрлық Жібек жолы – 2025» форумы өтеді

Астанада «Цифрлық Жібек жолы – 2025» форумы өтеді

«Цифрлық Жібек жолы – 2025» форумы Астанада өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Туроператорларды және қонақ үй өкілдерін елімізде екінші мәрте өтетін «Цифрлық Жібек жолы – 2025» форумына қатысуға шақырамыз.

Іс-шара Қазақстан мен Қытайдың сарапшыларын, жергілікті туристік индустрия мен технологиялық компаниялардың өкілдерін тоғыстырады.

Негізгі мақсат – туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту, цифрлық дәуірдегі жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелдерді талқылау.

Форум туризмнің цифрлық трансформациясы мен өңіраралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған және 2 тақырыптық сессияны қамтиды. Оған мемлекеттік органдар мен саланың жетекші компаниялары қатысады.

Сонымен бірге туроператорлар мен қонақжайлылық индустриясы өкілдеріне арналған Zowoyoo платформасы таныстырылады.