Алкогольді заңсыз сату және кальян шегу бойынша рейд өткізілді

Алкогольді заңсыз сату және кальян шегу бойынша рейд өткізілді
фото: iStockphoto.com

Елордада алкоголь және темекі өнімдерін сату саласындағы заңнаманың бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тексеру барысында уәкілетті органдардың қызметкерлері заңмен тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін сатудың 4 фактісін, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде кальян өнімін заңсыз тұтынудың 15 фактісін анықтады. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай фактілердің жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыс жалғасуда және аудандық прокуратураның тұрақты бақылауында.