Астана халықаралық форумында Қазақстанның көлік әлеуеті таныстырылды

Астана халықаралық форумында Қазақстанның көлік әлеуеті таныстырылды

Астана халықаралық форумында Қазақстанның көлік әлеуеті таныстырылды. Іс-шараға түрлі елдердің премьер-министрлері орынбасарлары – Қазақстаннан Серік Жұманғарин, Ресейден Алексей Оверчук, Қырғызстаннан Данияр Амангелдиев, Өзбекстаннан Жәмшид Ходжаев, сондай-ақ Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан Еуразиядағы стратегиялық көлік хабы ретінде Шығыс–Батыс және Солтүстік–Оңтүстік бағыттарында жаһандық жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі жұмыс істейді, оның 5 теміржол, 8 автокөлік.

«Біздің көліктік инфрақұрылым Қытай, Еуропа, Ресей, Каспий жағалауы елдерін, Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азияны байланыстырады. Демек, Қазақстан еуразиялық логистикалық жүйедегі маңызды буын», – деп атап өтті Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Басым бағыттар:
• ТРАСЕКА дәлізі
• «Солтүстік – Оңтүстік»
• халықаралық көлік дәлізі
• Солтүстік маршрут
• Ауғанстан және Парсы шығанағы елдерімен байланысты қамтитын Оңтүстік және Орталық Азия бағыттары

Іс-шарада сондай-ақ шекара маңындағы ынтымақтастық, көлік инфрақұрылымын жетілдіру және терминалдар дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар логистикалық саладағы әріптестікті күшейтуге және келісілген көлік саясатын қалыптастыруға мүдделі екендерін білдірді.