Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын тыңдадым. Жолдауда мемлекет басшысы барлық салаларды қамтып, әр саланы дамытудың нақты жолдарын саралап көрсетті.
Президенттің жасанды интеллект, цифрландыру және инновацияны дамытуға басымдық беруі – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам деп ойлаймын. Бүгінде ЖИ тек технологиялық жаңалық емес, экономиканың тиімділігін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын стратегиялық құрал.
Құрылтай депутаты ретінде осы бағыттағы бастамаларды қолдап, цифрлық технологияларды дамытуға, отандық инновацияларды ынталандыруға және олардың халық игілігіне қызмет етуіне үлес қосу маңызды деп есептеймін.
Басты мақсатымыз – технологияны меңгеріп қана қоймай, оны ел дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға тиімді пайдалану. Бұл жұмыстардың аймақтарда сапалы жүзе асырылуы маңызды. Оған барлығымыз атсалысуымыз керек.
Ерлан Тоқшылық,
Құрылтай депутаты