Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдің болашағы, әлеуметтік жауапкершілік, жастардың белсенділігі және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының маңызы туралы айтқан ойлары ерекше мәнге ие.
Президентіміз атап өткендей, «Әділетті, Қауіпсіз, Озық және Таза Қазақстанды» құру баршамыздың қастерлі парызымыз. Бұл тек мемлекеттік органдардың немесе белгілі бір бастамалардың міндеті емес. Бұл әр азаматтың елге деген жанашырлығынан, күнделікті ісінен басталатын ортақ жауапкершілік.
Мемлекет басшысы жастардың білімді, белсенді, талапты болуына ерекше мән беріп, ел болашағы олардың қолында екенін атап өтті.
Бүгінде Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде азаматтарына жан-жақты қолдау көрсетіп, адам капиталына, денсаулыққа, білімге және әлеуметтік қорғауға үлкен мән беріп келеді.
Тілектес Адамбеков,
Құрылтай депутаты