Алматы ауданында «Көлік сағаты» қоғамдық тыңдауы өтті

Алматы ауданында «Көлік сағаты» қоғамдық тыңдауы өтті
фото: Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты

Алматы ауданында көлік және жол инфрақұрылымына қатысты мәселелерге арналған «Көлік сағаты» ашық қоғамдық тыңдауы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

️Кездесу барысында тұрғындар қоғамдық көліктің жұмысы, жолдардың жағдайы мен көлік кептелісі, автотұрақ орындары, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі, аялдамалардың жарықтандырылуы, автобус бағыттары, сондай-ақ жол белгілері мен бағдаршамдардың жұмысына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Іс-шараға Алматы ауданы әкімінің аппараты, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы, Әкімшілік полиция басқармасы және «СМЭУ Астана» ЖШС өкілдері қатысты. Салалық қызметтердің өкілдері тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, кездесу барысында айтылған өтініштер мен ұсыныстарды қарастырды.

«Көлік сағаты» – тұрғындар мен жауапты қызметтердің арасында тікелей диалог орнатуға арналған ашық алаң. Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындардың ұсыныстары көлік ортасын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы алдағы жұмыстарда ескерілетін болады.